Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2016
  • 0
  • 0
  • 10173
(әзіл)

Көңілдердің көгіне
Көтерілсе асқақ ар.
Махаббаттың бәрі де
Сыйластықтан басталар.

Көкжиектен түріле
Сезім нұры төгіліп.
Бірі, бірі-біріне
Қол жетпестей көрініп.

Шектеп қойып құмарын,
Тым әріге бармайын деп.
Қол жетпестей сыңарын,
Ренжітіп алмайын деп.

Ашпай мінез түндігін,
Бір-біріне бағынып.
Сәл көрмесе бір-бірін,
Соны ойлап сағынып.

Керегі жоқ түктің де,
Сүйем сені, сенші деп.
Қайда жүрсің күттірме,
Келші, келші, келші деп.

Ұрысады бір күні,
Серттен оңай тайдың деп,
Жолықтырған бір сені
Қырсық шалған қай күн деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері