Келеді еріншек түн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Келеді еріншек түн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2016
  • 0
  • 0
  • 7479
Келеді еріншек түн.
Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк.
Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің,
жанарына аспанды паналатып,
керілді айлы нұрда
сүт сәулеге кеудесін жалаңаштап.
Жалтылдаған тайғанақ айдынында-
егіз аққу сырғанап барады асқақ.
Аспанды өртеді үміт,
Жер-сұлуға сұқтанып сол шақтағы.
Айнакөлдің жанары төңкеріліп,
жарқылдайды төсінде моншақтары.
Тына қап жел де жансыз,
сұлулыққа қарайды Ай да жасып.
Екеуіміздей, Аспан мен Жер де амалсыз
көздерімен тұрды тек аймаласып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері