Білемін – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Білемін» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2016
  • 0
  • 1
  • 14525
Білемін:
сүйем сүйсем әйтеуір құлап-талып,
дүниенің барлығы жырақ қалып.
Сені мен мен түсінер жай туралы
көргенім жоқ ешкімге сыр ақтарып.
Сені аңсаймын көзімнен жас ағыла,
көбейді ғой бұл күнде шаш ағы да:
Сыр ашпаймын еш жанға. Шағынғанда
біреу сенің орныңды басады ма...
Сезім қолдан ешқашан жасалмайды,
жасағандар ұзаққа аса алмайды,
не алдасып бір-бірін күн кешеді,
мен ондайға көнбесім қашанда әйгі.
Мен сондаймын.
Сүйсем егер, ғұмырлық сүйіп кетем.
Жұртқа менің жүрегім - тұйық мекен.
Аласарсам, ешкімге ұқсамайтын
сезіміммен көңілді биіктетем.


Пікірлер (1)

Ерболат

Шамалы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білемін өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Білемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері