Қателескен екенмін. Бір-ақ рет – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қателескен екенмін. Бір-ақ рет» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2016
  • 0
  • 1
  • 35250
Қателескен екенмін. Бір-ақ рет.
Өкініштен өртен де жыла, жүрек.
Әр қадамды мысықша аңдамаппын,
айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.
Өкпелеңдер бұлалау қылығыма,
қондырмаңдар талпынған тұғырыма.
Бұның бәрі түк емес, ал өзімнің
өкінішім жетеді ғұмырыма.
Кінәм жоқ деп ақиқат қарғанбасым,
сыздатып тұр жүректі ар - қорғасын.
... Қателесу керек те шығар мүмкін,
кешіре алар бір жандар бар болғасын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Каусар

Өте керемет маған а

Осы автордың басқа өлеңдері