Қызғанып қалма, жаным, сен – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қызғанып қалма, жаным, сен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2016
  • 0
  • 3
  • 11457
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде
күліп кеп,
қызғанып қалма, жаным, сен:
сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар
жігіттер,
қызбалық қылма, жаным, сен.
Көп қыздар саған күлімдеп тұрса көздерін тігіп
қымсына,
қызыға қойма, жаным, сен:
өзіңдей менің бақытым үшін қуанып олар тұр
шығар,
мұны да ойла, жаным, сен!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Aliia

Olenderi keremet cosiim jok

Aliia

Keremet

Kallya

ерекше махаббат

Осы автордың басқа өлеңдері