Енді бүгін бақытына ұмтылды – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Енді бүгін бақытына ұмтылды» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2016
  • 0
  • 0
  • 4014
Келешекке ой көзімен үңіліп,
Жастық жүзден сезімі асқақ білініп,
Бақытының кілті сонда екенін
Ару жүрек іштей сезіп, ұғынып,
Сол мақсаттың баян жолын арман ғып,
Екі елді мың жылдыққа жалғантып,
Өзі туып-өскен бүгін әулетке
Той қылдырып әрі тағы толғантып
Ұясынан ұшып барады бір құсы.

Апарар деп арманға асқақ жаңа күн,
Бақытына тігіп нәркес жанарын,
Ұшып барады бұл әулеттің бір құсы.

Аққуы еді ардақ тұтар әкенің,
Қызығы еді әлпештеген ананың.
Енді бүгін бақытына ұмтылды,
Асыға да күткендей-ақ бұл күнді.
Содан ба екен талай жүрек толқыды,
Жанарларға шаттықты жас іркілді.

Бақытын да тілеуші еді үнемі,
Аунап түсті бауырлардың жүрегі.
Сондықтан да тілектес боп олар да
Осы әулеттің ұзатылған гүліне
Бақыт жолда баянды бақ тіледі.

Бұл әулеттің тәлімін де сезесің,
Сыйлаушы еді ардақты ата-әжесін.
Сол ата-әже бата берді өз қызына,
Дегендей-ақ бір отауға егесің.
Бабалар мен аталардың әруағы
Деді әрдайым ұлы өмірде жебесін.
Ұзатылып бара жатқан бақ жолың
Бақыт нұрға деді әр кезде бөлесін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Енді бүгін бақытына ұмтылды өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Енді бүгін бақытына ұмтылды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Енді бүгін бақытына ұмтылды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Енді бүгін бақытына ұмтылды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері