Батасын берер сол кезде әже, аталар

Бұл бетте «Батасын берер сол кезде әже, аталар» атты Ғабиден Қожахмет жазған әже туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.04.2017
  • 0
  • 0
  • 4393
Бақ күткен екеу бүгiнде дағы, кеше де,
Махаббат көлiн қос ғашық болып жүздi бiр.
Ата мен ана бала ғой әлi десе де,
Гүл атты бүгiн қыз ғұмыр.

Жүзiне дағы қарайды бiрi бiрiнiң,
Болашақ атты бақытқа ендi ой кетiп.
Балдырған қыз ең, кеңейiп дағы ұғымың,
Қалдың ба сен де бойжетiп.

Еркелiк көрiп, сезгенмен қамқор алақан,
Бәрiбiр қызға бұйырар бақыт қиядан.
Өзiңдi санап жүргенде әлi балапан,
Ұшар күн кептi-ау ұядан.

Болашағыңның кеңiтер кеуде сарайын,
Айтыла берер әрдайым саған ақ тiлек.
Өзiңе ендi ата-анаң, бауыр, ағайын
Қалады бүгiн бақ тiлеп.

Кеткенмен ұшып, көңiлдерi бәрiбiр бiр сенде,
Тiлейдi сенiң тiршiлiгiңнiң бүтiнiн.
Ұмытпа ендi жарыңмен қайда жүрсең де,
Туған үйiңнiң түтiнiн.

Өйткенi сенi осында бесiк тербеткен,
Келгенсiң мұнда өмiрге болып нәресте.
Қуанған, күлген, жылаған кезiң – ержеткен,
Тұрады екен бәрi есте.

Мiнеки, ендi қалыңдық сен де атандың,
Тәлiмiң менен тәрбиең – бәрi еркiңде.
Өзiңдi өсiрген осынау киелi Отанның
Атына кiрдi келтiрме.

Бойжетiп қапсың, осылай уақыт, өтер күн,
Жарыңды сыйла, артады сонда бағаң мың.
Ғибрат берген тәлiмiн ұмытпай Әкеңнiң,
Ақ сүтiн ақта Анаңның.

Көрiнбей жүрсiн жасаған iстiң бiрi мiн,
Батасын берер сол кезде әже, аталар.
Балапан-дәурен, кеуделердегi гүл-ұғым,
Күн келдi келiн атанар.

Өзіңе бүгін туған үй, туыс – бәрі де
Қалғанмен артта болашағыңа бақ тілеп.
Жұбайлық күндер қуанышында әлі де
Айтыла берер әрдайым саған ақ тілек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батасын берер сол кезде әже, аталар өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Батасын берер сол кезде әже, аталар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батасын берер сол кезде әже, аталар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әже туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Батасын берер сол кезде әже, аталар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері