Жел жәйлі әңгіме – Арман Әділбек

Бұл бетте «Жел жәйлі әңгіме» атты Арман Әділбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2020
  • 0
  • 0
  • 852
Аулақта ызыңдай соққан желмен
Мен пақырдың
Жел туралы ойлары кезіккен секілді,
Сосын, ойларым оны алып ұшқан секілді,
Алысқа бастағандай,
Әлдеқайда,
Білмеймін оны тағы.

Желдің құмдағы іздерді ғайып қылғанын көріп ем,
Сол іздерді жел өзімен бірге алып кетті деп ойлағам,
Желдің барлығын ұшыра алатынына,
Алып кете алатынына сенгем.

Ол тағы бір күні менің көз жасымды да көтеріп алып кеткен.
Сосын, мен тағы таңданғам,
Жел әлі-ақ өкініштерді,
Өкпе- наздарды,
Қателіктерді,
Күнәларды алып кетеді деп күттім,
Бірақ, ол ұдайы
Менің терезеге салған суреттерімді өшіріп қана кетіп қалатын.

Бүгін
Жапырақтарды шалқыта ұшырған желге қарап тұрып
Мен оның адамдар сияқты біреу екенін түсіндім.
Ол өзінің жел екенін білмейді,
Ол өзінің қолынан не нәрсе келетінін білмейді,
Мен де өзімнің кім екенімді білмеймін,
Ұдайы ұшқан жапырақтардың арасында сандалып жүремін
Төбелердің арасында қаңғырған аруақ құсап.

Әне,
Ол менің өзі туралы ойларыма ілесіп кетіп барады,
Енді қашанғы қайта оралар екен?
Қашан мен жәйлі ойланар екен?
Қай жаққа бастар екен мені?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жел жәйлі әңгіме өлеңінің авторы кім?

Арман Әділбек — осы өлеңнің авторы.

Жел жәйлі әңгіме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жел жәйлі әңгіме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Арман Әділбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жел жәйлі әңгіме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері