Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.10.2016
  • 0
  • 0
  • 11127
Бұл өмірде
қия алмайтын сәттерім -
жүрегімнен күй арнайтын сәттерім,
таң атқанша достарыммен ән салып,
жанымды орап нәзік сезім, бал шабыт,
сенің әрбір қылығыңды тамсанып
қиялдайтын сәттерім.
Бұл өмірде
рахатқа батқаным -
өзіңді іздеп тапқаным;
біреулерге үміт отын жаққаным;
жүргендерге жағалай ,,
қауіптеніп, күдіктеніп қарамай -
күлім қағып пәк көңілді баладай
сеніп жүрген шақтарым.
Ана аңсаған
жас сәбидей тәтті едің,
түнгі сырдай сәттерім!
Бақыт құшып құлпырғандай сары далам,
жүрегімде бұлқынғандай арман-ән -
осы менің өмірімді жалғаған
жыл құсындай сәттерім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл өмірде қия алмайтын сәттерім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері