Бұлай сүймейді, жарықтығым – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бұлай сүймейді, жарықтығым» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2016
  • 0
  • 0
  • 9880
Бұлай сүймейді, жарықтығым,
сезім емес есті алар - анық мұның.
Сенен көзді жұмғызып тамсандырар
еш ләззат қалған жоқ. Қалыпты мұң.
Жүрек құрғыр құрметті ескере ме,
не атақтан, даңқтан сескене ме:
қайтем, сенен жанымда түк қалмады:
қуаныш та, қайғы да - ештеңе де!
Табынған боп, сүйген боп көндігер ем -
көнер емес жүрегім, сорлы денем.
Сыйлағаннан махаббат тумайды еқен,
сирек келер сезім ғой ол бір ерен.
Мүмкін бұдан жанында мұң қалары -
ер жігіттің намыс қой бір жарағы.
Құлай сүйгізе алмаудан, сүйе алмаудан
сезімдер былғанады.
Солай.
Мейілің жек көріп жерлесең де.
Бірақ айыпты есмеспіз: мен де, сен де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлай сүймейді, жарықтығым өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бұлай сүймейді, жарықтығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлай сүймейді, жарықтығым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлай сүймейді, жарықтығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері