Өлең, жыр, ақындар

Қуанышты мендегі

  • 22.10.2016
  • 0
  • 4
  • 7764
Қуанышты мендегі
сенің қайғың улайды.
Ешбір адам жердегі
білмейді бұл мұң жайды.
Сүйсе, бақыт емес пе -
мен біреуге тәттімін.
Түсесің де сен еске,
сап болады шаттығым.
Аяз шарпып денені,
сүйген болам бекер кеп.
Сені іздегім келеді
қай жерде отыр екен деп.
Сен жайлы ойды жасқадым -
қалмасын деп ол біліп.
Құшағында басқаның
сені ойлаймын. Сорлылық.



Пікірлер (4)

Індемес Балнұр

Ең күшті өлең

Індемес Балнұр

Фариза Оңғарсынова сіздің өлеңдеріңізді ұнатамын

Індемес Балнұр

Мен Індемес Балнұрмын сендер мына Фариза Оңғпрсынованың өлеңдерін білесіңдерме!!!!!!!!!!!!!!

Індемес Балнұр

Өте керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Шаңырақ

  • 0
  • 1

Бас қатырма баққа да, бұйымға да:
тірліктегі жұмағың үйің ғана.
Шатынап тұр, ал, менің шаңырағым –
келін жуас, қыз ойсыз, қиын бала.

Толық

Шаршадым-ау

  • 0
  • 0

Шаршадым-ау...
Қайтсем енді тыныштық табар жаным,
жүйке менен жүректі тарамдадым.
Ләззат ап әрнеден басқалардай

Толық

Куликов даласында

  • 0
  • 0

Шалқар өзен баяулап мұңды ағады,
жуады жағажайды.
Шөмелелер томсарып жылғадағы
басқандай нала-қайғы.

Толық