Қонған екен тағдырдың құсы маған – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қонған екен тағдырдың құсы маған» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.10.2016
  • 0
  • 0
  • 8664
Қонған екен тағдырдың құсы маған,
енді қалай төбемнен ұшыра алам?
Бақытым ба, болмаса азабым ба,
біле алмадым, ал бірақ сұсы жаман.
Тағдырымның жыр атты сыйына мен
кезіктім де, жол тарттым қиырға кең.
Маңдайыма осылай жазылыпты
ғажап та қиын әлем:
отау - айдын, жасауым - жасыл кемем,
ойнайды айдын көгінде жасын-жебең.
Думандатқан жерлерде отырамын
көзде - мұң, басымда - өлең.
Көп адамға көктем де, қыс та арайлы,
ал мен үшін алтын да - мыс талайғы,
жай құбылыс секілді құшсам - Айды.
Бақытым да, әйтеуір, басқалардың
бағына ұқсамайды.
Елтімеймін дауылсыз таң ғұмырға,
түк еместей шыңың ба, шалғының ба...
Жүрек емес жүрегім - антеннадай
қабылдайтын әлемнің ән, мұңын да.
Ем іздеуім бекер-ақ, бұл болмысым
қанымда, тағдырымда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қонған екен тағдырдың құсы маған өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Қонған екен тағдырдың құсы маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қонған екен тағдырдың құсы маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қонған екен тағдырдың құсы маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері