Замана – Сатқан Молдақасұлы

Бұл бетте «Замана» атты Сатқан Молдақасұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақша озды заманда ақылдан да,
Дарақы,тентек озды мақұлдан да.
Дөрекі,ұры-қары күні туды,
Сондайлар мықты болды батырдан да.

Бұл күнде сызбайластық толған заман,
Қарғалар қаз орнына қонған заман.
Бәйгеге арғымақтар қосыла алмай,
Шабандар аламанда озған заман.

Алаяқ параменен алды жүлде,
Баюда жылпостарың күннен-күнге.
Халқымның қаймағындай зиялылар,
Қалды ғой үнсіз болып енді мүлде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Замана өлеңінің авторы кім?

Сатқан Молдақасұлы — осы өлеңнің авторы.

Замана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Замана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сатқан Молдақасұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Замана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері