Құтты болсын!

Бұл бетте «Құтты болсын!» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.12.2016
  • 0
  • 0
  • 6206
(Қазақ тілді ғаламтор бетіндегі той-тілек тақырыбындағы "Құтты болсын" сайтына арналған)

Жүректерді ізгілікке елең ғып,
Сонда айтылар әсем ән мен өлеңді ұқ.
Салтанат па, мереке ме, мейрам ба,
Бір-біріне "Құтты болсын!" деген жұрт.

Шын жүректен сөз арнады егіліп,
Сол сөзінен сергек көңіл, сенім ұқ.
Туған күн бе, мерейтой ма, кештер ме,
"Қуанышың құтты болсын!" деді жұрт.

Сол ортада болмас көңіл тек мұңды,
Кеуделерге шаттық лебі кеп кірді.
Бір-біріне шын көңілмен көпшілік
"Құтты болсын!", "Құтты болсын!" деп тұрды.

Сауықты ұғар әуел бастан мына жұрт,
Кездесетін тойда басы құралып.
Сол тойларда "Құтты болсын!" деп тұрды
Бірі үшін бірі елдің қуанып.

Армандарға ақ тілектен жақшы үміт,
Саған тәнті болып отырсын көпшілік.
"Құтты болсын!" айт селкеусіз көңілмен,
Сол сөзіңде жатсын барлық жақсылық.

Біріңді, дос, бірің келіп ескергін,
Шаттық барда көңілдерден көшкен мұң.
Қуанышына ел мен жұрттың арналған
"Құтты болсын" сайтына қош келдің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құтты болсын! өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Құтты болсын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құтты болсын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құтты болсын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері