Бақыттың тойы басталды – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Бақыттың тойы басталды» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.12.2016
  • 0
  • 1
  • 10270
Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн,
Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың.
Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып,
Көтерілді туы бақыттың.

Отауға енді сәулесі бақтың жамырап,
Ақжолтай болып есіктен енді тағы бақ.
Әулеттің әнін баянды қылып шырқайтын,
Көтерілді тағы шаңырақ.

Көңіл-кеудені ізгі сезімге жайлаттық,
Той сәні қылып ортаны тағы жайнаттық.
Тағы бір ұлдың аяғына тұсау оралып,
Артында қалды бойдақтық.

Мөлдіреп бүгін тілекші көзден жас тамар,
Жұбайлық жолда сүйеніш болар асқақ ар.
Болашақ атты бақыттың баспалдақтары,
Осынау сәттен басталар.

Ақ сәуле болып шымылдық пенен перделер,
Оранды гүлге той-думан күткен бөлмелер.
Ата мен ана, көңілі хош боп қайнаға,
Сабылды бүгін жеңгелер.

Өйткені олар абысын тағы атанды,
Олар да кеше үлкеннен сыйлы бата алды.
Жымыңдай күліп ақылды тентек қайнылар,
Қорғаштап жүр-ау отауды.

Әзілдер олар құдаша жаққа астарлы,
Шараппен сыйлап базына қылған дос-жарды.
Қуанышқа бөлеп әулеттің барлық адамын,
Бақыттың тойы басталды.

Өзгеше болып келеді тағы атып күн,
Өтсінші тоймен бәрі де мынау уақыттың.
Адам ғұмырдың көңілде қалар белесі,
Үйлену тойы, үй болу тойы басы ғой енді бақыттың!


Пікірлер (1)

Аze

Оте тамаша.Соз жок

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыттың тойы басталды өлеңінің авторы кім?

Ғабиден Қожахмет — осы өлеңнің авторы.

Бақыттың тойы басталды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыттың тойы басталды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғабиден Қожахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақыттың тойы басталды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері