Қош‚ жұртым – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Қош‚ жұртым» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 3
  • 18177
Шарлайсың, ойым, шарлайсың,
Алыстан менi барлайсың.
Таяу тұр ажал алдыңда,
Сарынға салып сарнайсың,
Мақсұтың не ендiгi?

Бостандық таңын көргенiм –
Кемелiме келгенiм.
Қорқытпайды менi ажал,
Арман емес өлгенiм,
Кейiтер iстiң кемдiгi.

Қалған қараңғыда елiм,
Ойлап толғаумен сынатұғын менiң белiм.
Бұл алтын таңның атқан нұрынан
Тұр есе ала алмай ерiм.

Қазақтың жайнар даласы,
Жетiлер оқып баласы.
Шошытатын менi сол –
Олардың күндес, таласы,
Дағдысы сiңген бойына.

Тастаңдар күндес, мақтанын,
Көрген соң таңның атқанын,
Ел бастайтын жастарым,
Жөн емес жай жатқаның,
Нұр құймай елдiң ойына,

Баста адал жолға елдi!
Еңбек жанатын заман мынау, ерлерiм келдi,
Қош, арманым жоқ‚ жұртым, жасарсаң,
Мен сапар шегем ендi!


Пікірлер (3)

Акторгын Куанышова

Рахмет керек мәнерлеп окитын болдым

Аблахатұлы Дәулеткерей

Ақын өсиеті-тура жол!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қош‚ жұртым өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Қош‚ жұртым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қош‚ жұртым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қош‚ жұртым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері