Күздің соңғы қолтаңбасы – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Күздің соңғы қолтаңбасы» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.02.2017
  • 0
  • 3
  • 16448
Қыс та келді. Тайды тағы Күз серттен.
Қар жауып тұр күйге ұласып біз шерткен.
Қара жердің айғыз - айғыз келбеті,
Қара қойдың терісіндей тұз сепкен.

Өлді мезгіл, жете алмастан арманға аз,
Өзгермеген тек тәкәппар Тау маңғаз.
Қар астынан жылытады жанымды,
Кеше ғана күзге өкпелеп қалған Жаз.

Қаһарлы қыс, қаталсыз - ау, кекшілсіз...
Көңілдерден қоңыр мұңым көшті үнсіз.
Қара аспаннан аппақ ұлпа жаудырған,
Құлдық ұрдым Құдіретке еш мінсіз!

Жанарыңда жылт-жылт етіп шық күміс
Ай, қараша, қауысты құш, үтті құш!..
Амалың жоқ, аманат ет арманды -
Алдымыздан ақ боз мініп шықты қыс..

Жүрегімде салқындық бар аздаған,
Салқын жүзбен көз тастайды әз - ғалам...
Күзге ғашық ақын едім қайтейін,
Күз туралы Оданы әлі жазбаған.

Санамдағы сағынышты бұғаулап,
Қарашадан қар ұшады қылаулап.
Біздің шерді тарқататын үн - түнсіз,
Күздің соңғы қолтаңбасы - мынау бақ.


Пікірлер (3)

.

Айтар ойы кунды, курылымы болек тамаша олендер. Конилимдеги куйди доп баскан олендериниз ушин рахмет иним. Алла шабытынызща шабыт коссын.

Каусар

Өте күшті

Каусар

Өт күшті өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күздің соңғы қолтаңбасы өлеңінің авторы кім?

Қалқаман Сарин — осы өлеңнің авторы.

Күздің соңғы қолтаңбасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күздің соңғы қолтаңбасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалқаман Сарин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күздің соңғы қолтаңбасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері