Оралмандардың жүрек сыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.02.2017
  • 0
  • 1
  • 4138
Ұрпағымыздың қамы үшін оралғанбыз,
Қазақтың қанынан жаралғанбыз.
Өзге ұлтта жүрмеу үшін ұлтан болып,
Сұлтан болу үшін
Қазақ жеріне жол алғанбыз.
Оралмандар деп кемсітер жандар да бар,
Қиын кезде жан сауғалаған қашқындар.
Деп бізді түсінбей жатып қорлайды,
Ұрпақ үшін кеткенбіз,
Түгімізді қоймаған соң жоңғарлар.
Қиындықты бастан кештік біз талай,
Өзге ел бола алмайды өз отаныңдай.
Əлі талай қандастарым шет елде жүр,
Жан ұшырып азаматтық ала алмай.
Ей, қазақ жұрты өгей емес өз балаңбыз,
Бізге де бір мейіріммен қараңыз.
Жүрегіміз мəңгі соғар елім деп,
Қазақстан топырағын кеткен бабамыз.
Жағдай жасайықшы шет елдегі қазақтарға,
Өз еліне жете алмаудан басқа азап бар ма?
Бірігіп шақырайық қандастарды отанына,
Өзге ел, ел болмайды
Қазағыма жан ашитын қазақ қана.


Пікірлер (1)

Айханым

Такырыбы да мазмуныда керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралмандардың жүрек сыры өлеңінің авторы кім?

Айнұр Мəден — осы өлеңнің авторы.

Оралмандардың жүрек сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Оралмандардың жүрек сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Мəден өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралмандардың жүрек сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.