Өмір үйін тұрғызам деп – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұл бетте «Өмір үйін тұрғызам деп» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 9912
Өмiр үйiн тұрғызам деп,
Мың сан үйдi құлатып.
Кiрпiш, ағаш жиғызам деп,
Матшаларын сұлатып.

Бiр басымның қамы ғой деп,
Қамданып ем жан үшiн.
Көп халықтың қақысын жеп,
Көп наданды жылатып.

Бiтсе, қайта бұза бердiм,
Басқа түрмен қалатып.
Неше план сыза бердiм,
Кезегiмен ұнатып.

Сопы болып басымды идiм,
Сәлде салдым айла үшiн.
Әдiлiмсiп перде кидiм,
Беттi бояп сылатып.

Нәпсi сонда қуанып жүр,
Айтқанымды қылды деп.
Хақиқатқа көрмедiм бiр,
Өз бойымды сынатып.

Бiр күнi арақ iшiп едiм,
Түстi жарым ойыма.
Терең ойға түсiп едiм,
Кеттi мастық улатып.

Дедi мастық: «Өмiр – айлаң,
Не бiтiрдi, қыл есеп.
Қанша адамға тидi пайдаң,
Қанша момын шулатып?»

Көп аруақ келдi кiрiп,
Көп қиянат қылғаным.
Кеттi бетке бiр түкiрiп,
Қақырықпен сулатып.

Қиянатпен қылған iсiм,
Көңiлiме түстi де,
Жанды iшiм, кеттi күшiм,
Неге қойсын шыдатып.

Тiптi айықпа, сорлы басым,
Мен арақтың құлымын–
Құй түкiрсiн, кегiн алсын,
Ойды қанмен бұлатып.

Ес жиюым болды қиын,
Есiркедi, келдi жар.
Қылды рахым: өмiр үйiн
Өз басыма құлатып.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір үйін тұрғызам деп өлеңінің авторы кім?

Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.

Өмір үйін тұрғызам деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір үйін тұрғызам деп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір үйін тұрғызам деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері