Менің Отаным – Қазақстан

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Отаным, туған жерім – Қазақстан,
Ауыр күндер артта қалды азап құшқан.
Бүгінде ұландарың еркін күліп,
Көгіңде қырандарың азат ұшқан.

Кең байтақ Қазақстан, жасыл далам,
Көп қиындық көрсе де жасымаған.
«Татулық», «Бейбітшілік» басты ұраның,
Сондықтан ешбір дұшпан басынбаған.

Басқадан ешбір ғажап, сый күтпеген,
Күн көруде халқың адал тірлікпенен.
Ашыққанда азық болар, шөлдегенде,
Шөл қандырар сусыны бар – бірлік деген.

Қазақстан! Ұмтылған алға қарай,
Сенен артық, ерек ел бар ма? Қалай?
Адал жүрек, ақ пейілді халқыңменен,
Жетістікке жете бер алда талай.


Пікірлер (3)

Әдемі

Оте керемет өлең маған ұнады рахмет көп көп ????

Маржан Ахмедова

өте керемет өлең жазыпсыз осы өлеңді мектепке айтатың болдым сізге рахмет

Ерден

Бұл өлең маған сабаққа көмектесті және өте керемет жазылған. Сендерге үлкен рахмет!!!????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің Отаным – Қазақстан өлеңінің авторы кім?

Ақерке Қапашева — осы өлеңнің авторы.

Менің Отаным – Қазақстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Менің Отаным – Қазақстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақерке Қапашева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің Отаным – Қазақстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.