Кешіккен құстар – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Кешіккен құстар» атты Қалқаман Сарин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.04.2017
  • 0
  • 0
  • 7460
Қанатын керіп, ағылып белден,
Әуелеп ұшқан жоғары.
Мекенін аңсап, сағынып келген,
Бірақ та құстар жоқ әлі.

Келмей тұр, сірә, бабына көктем,
Күткенім неге кешікті?
Қалды ма деймін жағына кеткен,
Ұялап басқа бесікті?!

Қия алмай кеше кеткенмен мүлде,
Мекенін мынау қаншалық.
Келетін құстар көктеммен бірге,
Әсем бір сазды ән салып.

Айдынын аңсап қайтарын білем,
Қатарын бұзбай бір келер.
Тәтті үнге толып байтағым кілең,
Көк аспан әлі-ақ түрленер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешіккен құстар өлеңінің авторы кім?

Қалқаман Сарин — осы өлеңнің авторы.

Кешіккен құстар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешіккен құстар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалқаман Сарин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешіккен құстар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері