Жыр Жауһар
- 0
- 0
Ардақты ата-анасыз,
Балаға әр кез панасыз...
Бұл бетте «Рәміздерім - ұлттың басты нышаны» атты Бөкен Қазбек Маратұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Бөкен Қазбек Маратұлы — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Бөкен Қазбек Маратұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Диляра
Малимет оте кушти
Бөкен Қазбек Маратұлы
Ұлылығын танытқан даналарым,
Ұрпағына қалдырған далаларын.
Қасық қаны қалғанша қорғап өткен,
Ұлан байтақ көз жетпес бар алабын.
Көзіміздей сақтайық сол даланы,
Намысшыл бар ұрпағым қолға алады.
Көрінгенге таптатпай төрімізді,
Жөн болады жат елден қорғағаны.
Төкпеп пе едік сол жерге терімізді,
Береміз бе, мал толы белімізді?
Жүнін жұлған тауықтай болмай ма жер?
Жиырма бес жыл жалдаса жерімізді.
Мақсатына кірісуді бастай ма?
Қыздарыма құшақтарын ашпай ма?
Ұрпағымды өсіремін, -деп ертең
Тұқымдарын тұрған жерге шашпай ма?
Содан кейін оны қалай қуасың?
Қытайменен құда болып тұрасың.
Неге сонда жерді жалға бердім, -деп
Бармақ шайнап, басты тасқа ұрасың .
Келмей қалар мұршамызда "ей! " деуге,
Құмырсқалар салар бізді илеуге.
Қаптап, өрлеп бағындырар биікті,
Төбемізге шығып алып билеуге.
Отыз жылын олар ерте болжайды,
Үкіметім ескерген жөн бұл жайды.
Басқа елге жерді жалға берсең де,
Қытайларға беруіңе болмайды.
Саудалаған жерді пенде қандайды?
Қу ақшаға құныққандар сондайды.
Ұлтжандылық намысы жоқ бойында,
Жебірлерді көрсем қаным қайнайды.
Ұлтжанды ақын: Қазыбек Маратұлы
10.05.2017
Адия
Наш учитель ????