Өлең, жыр, ақындар

Барында бағала

Автор:
Мұнарадан соғып қойған қақпасы.
Зəулім үй мен Сəби даусы.Отбасы.
Үйдің іші құнды затқа толғанмен,
Берекеге толмай қойған шоқ басы.

Жаман əйел айқай-шуды бастаса,
Кетек ері сол əйелге қоштаса.
Қарты бар үй қазына дид(і) қазағым,
Бірақ бұл үй,қарап тұрсаң басқаша.

Түскі мезгіл.Қайнап жатыр тамағы,
Дəмі бірақ ішіп көрсең шамалы.
Төрге келіп жайғасқан бұл атаға,
Жаман əйел бұқа көзбен қарады..

Əйелі:
Əй,шал.Келтірме менің жынымды,
Дəуір өтті,төрде отырар бұрыңғы.
Асың дайын,терезеге ап қойдым,
Тұрған соң,шақыра сал ұлыңды..

Автор:
Міне осылай басталады сөз басы,
Атамыздың ағып жатыр көз жасы.
Сіз сыртанан көрген кезде қорқасыз,
Өлген адам болып қалған сұлбасы.

Аста дайын.Ері келді керіліп,
Немересі келіп қалды көрініп.
Жаман əйел жүгіріп жүр түлкі боп,
Екі жүз боп,белшесінен көміліп

Баласы:
Əке-ана.Атам неге келмейді?
Жанымызда,өз шуағын бөлмейді?
Неге?Неге жауап берің,?....Атамның,
Ақылына мендік жүрек шөлдейді.

Əйелі:
Құлыным-ау,ішіп алшы асыңды,
Сүртіп таста анау тұрған жасыңды.
Атаң өзі сол орыңды қалайды,
Қатырмашы оған бола басыңды.

Баласы:
Ішпеймін,дəмсіз сенің тамағың,
Атам келсің,осы менің талабым.
Атам егер өз орнына келмесе,
Мен атамның жанына дүп барамын.

Əкесі:
Іш асыңды.Тарт сұғанақ тіліңді,
Сабақ оқы.Азамат бол білімді.
Ашуыма енді тисең аямайм,
Тыныш отыр.Шығармашы дымыңды.

Атасы:
Қой шырағым.Асыңды іш жай ғана,
Сабақ оқы.Надан сөзді ойлама.
Бір ауыз сөз опат қылса үй ішін,
Бір ауыз сөз дана шығар ой ғана.

Автор:
Міне осылай дастарханнан тарқады,
Шықты үйде берекенің талқаны.
Періште кеп бір қолынан сүйресе,
Шайтан келіп бір қолынан тартады.

Күн артына салып қойып аптаны,
Құр түнекпен өтіп жатыр ақ таңы.
Күннен-күнге денсаулығы нашарлап,
Жаман əйел тіпті мүлде бақпады.

Үйден кетті дəулет,байлық,береке,
Арман болды қыдыратын мереке.
Жанжал-айқай шаңырақты жаулап ап,
Көрші-айнала ете бастад(ы) келеке.

Дəл осы түн.Түс көреді баласы,
Құлап қалған,тұруға жоқ шамасы.
Біраз жерде ақ жаулығы желбіреп,
Келе жатыр қайтып қалған анасы.

Баласы:
Анашым.Сағындым сізді қалайсыз?
Неге маған жаман көзбен қарайсыз?
Құшақтайын ұрықсат берші анашым,
Сізсіз өтті тіземізге талай сыз.

Автор:
Ана жүрек демеп оны көтерді,
Демеп тұр деп бір таяқты əкелді.

Анасы:
Сен қадірін білмеген соң шырағым
Алып кетуге мен келгенмін əкеңді.

Автор:
Жетті ақыры атамыздың ажалы,
Бұзылмаған бірақ түнек ажары.
Жаман əйел өтірік жылап-сықтайды,
Көп ішінде көрінбек боп мазалы.

Əйелі:
Асқар тауым,неге бізді тастадың?
Неге əлі қара жерді баспадың?
Неге сізді алып кетті сұм ажал,
Сізсіз енді ашылама аспаным?

Баласы:
Кешір əке,кешір Алла қатемді,
Мен бағалай алмадымғой əкемді.
Кешір ана.Кешір əке жалынам,
Кешір Алла,кешір Алла қатемді.

Автор:
Атамыздың іште кетті бар сыры,
Құпия боп қалған еді əр сыры.
Халық болып көтеріп ап табытын,
Атамызды жер қойнына тапсырды.

Су бетінде қалмайд(ы)мəңгі көпірік,
Ашылады бір күндері өтірік.
Тірі кезде сен қадірін білмесең,
Өлгеннен соң керек емес өкіріп.
Ата-ананы бағалашы барында,
Қалмас үшін,ау достарым өкініп.
Ауданбаев Ердəулет



Пікірлер (1)

Сымбат

Өте мықты жазылған екен!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз