Тфәй, тфәй көз тимесін еліме! – Серикбол Асемгул

Бұл бетте «Тфәй, тфәй көз тимесін еліме!» атты Серикбол Асемгул жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мақтанамын, марқайамын мен сенмен,
Ғасырлардың қиындығын еңсерген.
Қазағымның төріндегі жалаулар,
Мәңгілікке қаларына мен сенем.

Көгімізде желбіресін байрағың,
Бүгін міне, ұлы күн ғой тойлағың.
Қыран құсым көріп ұшсын көгімде,
Бұзылмаған қазағымның қаймағын.

Қазағымның мөрі болып қаланған,
Қалды енді алашымда не арман.
Елтаңбасы биік тұрсын елімнің,
Қазағымдай еркін болып жаралған.

Шарықтасын ән ұраным елімде,
Қоңыр үнің мәңгі қалсын жерімде.
Нұр ағаның жүрегінен шыққан сөз,
Мақтанышым менің және сенің де.

"Тәубә" дейік ей, алашым бұл күнге,
Тәуелсіздік еркін елде жүргенге.
Кейбір елдің тағдыры әлі қиын,
Мылтық даусы естіледі әр күнде.

Көз тігуде кейбір пасық жеріме,
Ал қазағым оны жатқа берді ме?!
Халқы аман, патшасы бар тағында,
Тфәй-тфәй көз тимесін еліме!


Пікірлер (14)

Ақмарал

Елің туралы жазарың таусылмасын

asem77

Әмин рахмет

Сезім

керемет жарайсың

asem77

рахмет сізге!

Алина

Жарайсың қаламың ұштала берсін

asem77

Рахмет әмин әмин

Асқар Мырзаұлы

Биыл еліміздің рәміздеріне 25 жыл толуына орай жазылған шығармаң екен! Рәміздерге тартуың болар ?
Жақсы шығыпты базар жоқ !

razgull

Жақсы шығысты бірақ кей буындардан сол сүрініпсің .Ал былай жақсы 

Ozgerys

yesмолодец қаламың ұштала берсін!

razila99

Жарайсың !

asem77

Асқар Мырзаұлы - ия мемелекетіміздің рәміздеріне арнауым!

asem77

Рахмет ! сіздерге! қателіктер болса түзетуге тырысып келеміз smiley

Жадыра

Шыңдала бер əліде

asem77

рахметт

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тфәй, тфәй көз тимесін еліме! өлеңінің авторы кім?

Серикбол Асемгул — осы өлеңнің авторы.

Тфәй, тфәй көз тимесін еліме! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тфәй, тфәй көз тимесін еліме! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серикбол Асемгул өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тфәй, тфәй көз тимесін еліме! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері