Иман хақында – guka1988

Бұл бетте «Иман хақында» атты guka1988 жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қадір түнге жетер түн бар ма?
Шындыққа жетер үн бар ма?
Мұхамедтен (сғс) асқан жан бар ма,
Құран сөзінен асқан мән бар ма?!

Хиджабтан асқан сән бар ма,
Сәресіден артық дәм бар ма?
Исламға кел бауырым
Көкірегіңде шаң бар ма?

Намаздан артық сәт бар ма,
Жәйнамаздан артық тақ бар ма?
Тыйым мен парызды орындамай
Аллаһқа қарар бет бар ма?!

Жұмадан асқан күн бар ма,
Кішіпейілділіктен асқан шың бар ма?
Қанағаттан артық құн бар ма,
Халқымнан артық мұң бар ма?

Айттан асқан той бар ма,
Имандыдан артық бай бар ма?
Тілек тілеп қал ағайын
Рамазан дейтін ай барда!
Авторы: Акижанова Гульнур Серикбековна


Пікірлер (2)

guka1988

Парасат, пайым, иманым,

Бойыма болды жиганым.

Ақылға қанша салсам да,

Атқақтап өлең сыймадың.

Пікір білдірші жамағат,

Пікір жазбай қинадың.

Байқауға бұл маңызды,

Жүректі неге қимадың!

 

 

 

Әмірхан

Ма ша Аллаһ! Қарындасым. Осы райыңнан қайтпа. Аллаһ тіл көзден сақтасын.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иман хақында өлеңінің авторы кім?

guka1988 — осы өлеңнің авторы.

Иман хақында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иман хақында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Иман хақында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері