Тәуелді дүние
- 0
- 0
Көктемді сонша күткенде —
Құйылып көктен құт демде,
Аз ғана күнде, аз күнде
Өріктер гүлдеп біткен бе?!
Бұл бетте «Кетемін кейде терең ойға» атты Бейбарыс Қонысбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көктемді сонша күткенде —
Құйылып көктен құт демде,
Аз ғана күнде, аз күнде
Өріктер гүлдеп біткен бе?!
Таңдай ақшыл жарасып көйлектерің,
Тәнмен сезіп ұзақ жол бейнеттерін,
Жапония жері ме, Африка ма,
Қай арадан қайттыңдар, ләйлектерім!
Көктем келсе — құлпырар гүл әрқашан,
Жапырақ жайса — бітеді шынарға сән.
Ештеңеге шаттана алмайсың сен —
Қаулап өскен шалғынға қуанбасаң.
Саналы салт-дәстүрді сағынасың.
Қойылған қонағына тәуір асы
Халықтық қасиет пен құндылықтар —
Күн нұрлы ғұмырымның мағынасы.
Дайрабай
Барлық асудан асасың ұлым бір Алланың қолында бәрі жаратушының меиірім шарағында бол.