Жан азабын тартқан жастарға ой бөлісу – Меруерт Тінейбай

Бұл бетте «Жан азабын тартқан жастарға ой бөлісу» атты Меруерт Тінейбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жас кезде білместікпен шұғылданар,
Салауатты өмірдің шырқын алар.
Кім білсін болашақта не боларын?!
Зардабы енді оларды сілкіп алар.

Түтінін бұрқыратып бала шығар,
Қызығып сол түтінге есі шығар.
Темекіні алуға ақша таппай,
Ұрлыққа кірісуге енді шығар.

Құмартып алкоголь мен есірткіге,
Рөл ойнап өмірінде ол есіпті ме?
"Соңғы рет" деген сөзді жаттап алған,
Бұл зияндар көкейлерін тесіпті ме?

Не пайда есірткіні пайдаланып,
Қатынасты достарымен жойғаны анық.
Адамды адам емес хайуан етер,
Қылмыскер боп шыққаны жайдан анық.

Есін білмей жүреді олар дел-сал болып,
Ұрпақтары туылады содан кемтар болып.
"Күйіктен ішем",-дейді ал қызған соң,
"Өмір-ай неткен керемет",-дейді толып.

Мамасының баласы деген сөзді,
Естімейміз дейді олар масаттанып,
Алкоголь мен есірткі тұтынып ап,
Немқұрайлылық,даңғойлық жасады анық.

Есірткіні пайдаланар әуес болып,
Есейем деп ертерек есі толып,
Өміріне қанша зиян келтірді ғой,
Жастайынан кетіп жатыр қайтыс болып!

Әр адамның бақыты ол заңдылық,
Салауатты өмір салты жүрегімде жаңғырық.
EXPO ға келген барлық қонақтарға,
Өмір салтын үйретейік біз оларды таң қылып.

Бүкіл әлем танитын елге айналғанбыз,
Тәуелсіздікті бейбіт жолмен алдық біз.
Салауатты өмір салтын ұстанарлық,
Қаймағы бүтін қазақ дейтін халықпыз!


Пікірлер (5)

Мереке

Өте керемет, толғандыратын өлең, керемет сезімде отырмын!

Нұрым

тамаша! Осындай жастардың еңсесін көтеретін өлеңдер көбейе берсін Алға

Қасым

Өте керемет

Нұрғаным

Алға!!!

Ақмаржан

Өте керемет мағыналы осындай қыздар көп болсын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан азабын тартқан жастарға ой бөлісу өлеңінің авторы кім?

Меруерт Тінейбай — осы өлеңнің авторы.

Жан азабын тартқан жастарға ой бөлісу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан азабын тартқан жастарға ой бөлісу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Меруерт Тінейбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан азабын тартқан жастарға ой бөлісу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері