Ғашық жандар

Бұл бетте «Ғашық жандар» атты Диас Мамадбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жылдар өтіп, ғасыр жылжып барады,
Кімдер саған ғашық болып қарады?
Ғашық жандар ақын болып, атағы олардың тарады,
Таулар асып, шыңдарды олар жарады.

Ғашық жандар, сезімдерін білдірер,
Дәті бармай санаулысы кідірер.
Сол батылдық қайда кетті жоғалып,
Әр сөзінде тоқтап қана кідірер.

Ғашық жандар, ғашықтығын жасырған,
Ғашық жандар, сүйгеніне бас ұрған,
Ғашық жандар,беделін оның асырған,
Ғашық жандар, өзендей боп тасыған,
Ғашық жандар, құстай биік самғаған,
Ғашық жандар, тұлпарларды шапқызған,
Ғашық жандар, тек асыл тас таққызған,
Ғашық жандар, уақыттары ағылған.

Бастан өтіп егер сезім тез өтсе,
Ғашықтығы болмапты оның аз әсте.
Махаббаттың биігіне жете алмай,
Жырақ жүрсе, өткізіп ап ол кетсе.

Ғашық жанның сезімін көбі таптамасын,
Махаббатты аяқ асты тастамасын.
Түсінбесең үндемей-ақ кете беріп,
Кінәм жоқ деп өз-өзін ақтамасын.

Мен ғашықпын, айтайыншы ашылып,
Жарты жолда қалмайыншы шашылып.
Сезім күшті, өте биік шыңда тұр,
Айтсам егер оқығанға тасылып.

Бір жан бар ғой сүйіп қалғам оны мен,
Сөйлер болсақ сөзді саптап жөнімен.
Көзі келед(і), бейнесі бар арбайтын,
Сұлу келген, сүйкімді оның өңімен.

Айтар болсам сезімімді саралап,
Махаббаттың аралын мен аралап.
Сөздер сыймас, жолдар мұнда таусылып,
Әлі айтып, көп жазамын жариялап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашық жандар өлеңінің авторы кім?

Диас Мамадбек — осы өлеңнің авторы.

Ғашық жандар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашық жандар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Диас Мамадбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғашық жандар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер