Анамның көзі – Диана Садырбекқызы

Бұл бетте «Анамның көзі» атты Диана Садырбекқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күнге де оны ұқсатам,
Айға да оны ұқсатам.
Олар бірақ аспанда
Қанат байлап ұшпасам.

Жұлдыздай оны көремін,
Шың құздай оны көремін.
Әйтеуір ана көздерін
Биікке ғана теңедім.

Анамның көзі жарығым,
Адаспас темірқазығым.
Анамның көзі арқылы
Өмірдің мәнін таныдым.


Анамның көзі бақытым,
Алтыннан қымбат жақұтым.
Жауаптымын мен оның
Бір тамшы аққан жасы үшін.

Жердегі айым тұрғанда,
Жердегі күнім тұрғанда.
Ананың көзі секілді
Мәңгілік сөнбес нұр бар ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анамның көзі өлеңінің авторы кім?

Диана Садырбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Анамның көзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анамның көзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Диана Садырбекқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анамның көзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар