Қайрау жыры
- 0
- 0
Қаламыңды қолыңа ал, бол, тұр, ақын,
Шағың сенің қырандай шарқ ұратын.
Қиялыңа қанат боп қозғау салар
Ыстық сезім, бойдағы салқын ақыл...
Бұл бетте «Ұранымыз-Тәуелсіздік» атты Ақжүніс Әшім жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Қаламыңды қолыңа ал, бол, тұр, ақын,
Шағың сенің қырандай шарқ ұратын.
Қиялыңа қанат боп қозғау салар
Ыстық сезім, бойдағы салқын ақыл...
Мен кетермін, соңымда бәрі қалар,
Сөз кезегін тағы бір дарын алар.
Шыңырауға түскен бір жарықтай боп,
Тау аңғарын тас бұлақ жарып ағар.
Қайтемін бақыт сұрап бақыттыдан,
Барлығын бүріп түсер уақыт қыран.
Жанымды қамшылап бір қарыздарым,
Шошынып төсегімнен атып тұрам.
Өмір деген бұтақты зор қарағай,
Асығады құшуға таңдағы арай.
Бір жапырақ тартады көкке қарай,
Бір жапырақ тартады жерге қарай!..
Ерттеп бір мінгендей-ақ шабыт желін,
Басылар әр қияға барып көңіл.
Оқталған зұлымдыққа от жүрегім
Шығардай көкірегімді жарып менің.
Қалихан
Қазақастан елі қайда екен?