Ақшаның буы – Махамбетәлиева Зере

Бұл бетте «Ақшаның буы» атты Махамбетәлиева Зере жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.

Оларға керек ақша мен атақ,мансабың,
Қарағым оны жетісіп не үшін аңсадың.
Еліңе көмек тигізер сəтте ақшаның
Буына мас боп сол кезде неге шаршадың.

Кеудеңді керіп не табасың бұл өмірде
Əрбір істері тиеді қатты көңілге.
Осындай жандар көбейіп жатыр білсеңіз
Артып барады тіпті сандары күніге.

Болсада ақшаң өмірге мына жетпейді,
Жинасаңыз да əр сағат сайын көп мейлі.
Опасыз,сатқын,арсыз болған жандарды,
Отаның мынау ешқашан керек етпейді.

Пайдалы іс қыл адал боп мына Отанға
Дұға қыл тіпті ұйқыға күнде жатарда
Бұл өлеңнен соң есіңді жиып ойлансаң
Перзент бол нағыз көмектесетін Отанға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақшаның буы өлеңінің авторы кім?

Махамбетәлиева Зере — осы өлеңнің авторы.

Ақшаның буы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақшаның буы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбетәлиева Зере өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақшаның буы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері