Лабасыға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Лабасыға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2344
Емшек тау, ақ бұлт емген Лабасы,
Төнеді төбесінен күн анасы.
Жатыр ол қарсы алдымда жонын керіп,
Секілді арманның ту мұнарасы.
Толқын тау, толқын бұлт, егіз бейне,
Көркіне көз бойламай жол іздей ме.
Бұлт әппақ, тау қара боп беттескенде,
Көбікті жанды, жансыз теңіз бейне.
Сырға сыр, ойға ойлар алмастырып,
Жібердің мені өзіңмен жалғастырып.
Сыңаймен әр таң сайын сәлем күткен,
Төрде отыр кәрі атамдай малдас құрып.
Емшек тау ақ бұлт емген Лабасы,
Төнеді төбесінен күн анасы.
Мен үшін айтылмас ән, жазылмас жыр,
Соғылған сұлулықтың мұнарасы!
* * *
Ақ қайыңдар сыр шертеді ырғалып,
Көкте жұлдыз бір өшеді, бір жанып.
Қарай берем тіл қата алмай өзіңе,
Қара көздің қиығымен ұрланып...
Ай барады бұлт қойнына ақ маңдай,
Жұлдыз нөкер қол соғады дәт қалмай.
Мен жеткізбес сырды саған осынау,
Қыз табиғат түсіндіріп жатқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лабасыға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Лабасыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лабасыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лабасыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері