Отаным – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Отаным» атты Қанипа Бұғыбаева жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2379
Айқай сап осынау ғаламға,
Өзім боп өзіңе қол жайғам.
Өзің боп тіл қатып анам да,
Өзің боп сипаған маңдайдан.
Күш алып тауыңнан, тасыңнан,
Бой теңеп өскенмін көкпенен.
Жайқалып сен үшін жасымнан,
Кеудемде махаббат көктеген.
Саяңда түлеген құсыңмын.
Саяңда қонамын, ұшамын,
Әлемге тосып күн құшағың,
Бар елге тіршілік ұсындың.
Отаным, туған жер, топырақ,
Жараттың жанымды өктем ғып.
Сен үшін кеудемнің отын ап,
Жандырсам бір шырақ, жоқ кемдік!
Өмірге емеспін мен қонақ,
Жанымды арыммен жуғанмын.
Бір тусам анадан іңгалап,
Өзіңнен жүз қайта туғанмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отаным өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Отаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отаным өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Отаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері