Қазақ деген жүректе – Kimmin

Бұл бетте «Қазақ деген жүректе» атты Kimmin жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Желтоқсанның он алтысы
Брежневтің алаңында
Алматыда сол алаң
Қызыл қанға боялған.
Бұл қазақтың баласы
Алғашқы рет ой алған,
қалың қалың түнектерден оянған,
үлкен,алып КСРО ның күйреуі
Міне содан басталған.
Сол бір қанды алаңда
талай-талай боздақтарың ,
талай-талай саңлақтарың, мерт болған .
Сол бір күні ,сол бір түні
талай ҚАЗАҚ жастарының
Армандары күлге айналып
Жаншылып мың тапталған.
Шындық міне осындай
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА.
Сол кездегі жастардың
Судан таза ,сүттен ақ
орындалмас арманы
ТӘУЕЛСІЗДІК алу ғана болатын
Сол жастарың бұл бір күнге жете алмай
Қыршынынан қиылып
Бұл өмірдің дастаны
Олар үшін тиылып
Сұм тарихтың қойнауынан орын алды жиылып
Желтоқсанның оқиғасы деген атпен қойылып...
Ал ҚАЗАҚТЫҢ төрінде
Есімдері ойылып ,Жазылады алтынмен
Мәңгілікке сақталар
Қазақ деген жүректе!!!!!


Пікірлер (3)

Хангелді

Жаса мәңгі Қазағым!

Хилолла2005жылғымын

Аға апаларымыздың арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Айлы

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ деген жүректе өлеңінің авторы кім?

Kimmin — осы өлеңнің авторы.

Қазақ деген жүректе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ деген жүректе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Kimmin өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ деген жүректе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері