Абай десе – Құмарбек Қалиев

Бұл бетте «Абай десе» атты Құмарбек Қалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Куә болған көшіне сан ғасырдың
Сайын дала, қаншама таңды асырдың
Сөзге берік, сертке мәрт кең кеудеңе
Қаншама сыр,қаншама жан жасырдың

Сен сыр ашсаң- төсіңді сел басар ма
Сен серт бұзсаң-жер мен көк жалғасар ма
Ғұламалар сауатсыз сәби болып
Дана орнын кем ақыл шал басар да

Сонан да Алла теңдік, кеңдік беріп
Пендесіне сыйлаған зейін, ерік
Мың жылда бір жаратып сүйген құлын
Соларменен әлемге берген көрік

Соның бірі-Абайды-маң далаға
Өкіл қылған десе-Әлем шамдана ма,
Әлде Абайлы Далаға таң қала ма
Ал,Абайсыз маң дала- санда ғана

Даланың қазақ атты иесі бар
Сол халықтың биесі,түйесі бар
Сиынатын пірі бар,киесі бар
Мыңжылдық тарихының жүйесі бар
Ғаламшардан Жер атты қоныс теуіп
Әлемнің ризығынан үлесі бар

Соның бірі-өнер мен білім деген
Өнерлі елдің іргесі бүлінбеген
Білім-жарық сәулелі,ол болмаса
Надандықтың түнегі түрілмеген
Бұл ілімді қазаққа еккен Абай
Ертеңінен елінің түңілмеген

Батыс,Шығыс білімін тасып,үйіп
Абай өткен тарихта асып иық
Пайғамбардан кем бе екен, айта алмаймын,
Ал, пенденің ішінде-басы биік

Абай жырын ұран ғып өскен елі
Бүгін әлем жұртының өскелеңі
Төсіне ұлы ақынын мүсіндеді
Кезінде өзі болған Өскемені

Абай әнін қарт Шыңғыс қалқытып тұр
Алып Ертіс айдыны толқытып тұр
Ту қылып төбесіне шығыста Алтай
Төрткүл дүние төріне шалқытып тұр

Абай-мақтан қазақтың бас-басына
Абай- ортақ қазақтан басқасына
Әлем ұлы болған соң жазылмай ма
«Ұлы» болып тарихтың таспасына


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абай десе өлеңінің авторы кім?

Құмарбек Қалиев — осы өлеңнің авторы.

Абай десе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абай десе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құмарбек Қалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абай десе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері