Өлең, жыр, ақындар

Жанды асырау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.03.2018
  • 0
  • 1
  • 4508
Жаңармау деген ауру,
Жаңалау жанның тілегі.
Соңырқау қанның жүрегі,
Жапырақсыз ағаш қу емен.
Айбар қылып «арам» мен,
«Адал» менен алдалау,
Азаттық емес, жан қамау,
Адамдыққа несі тең.
Біреуді біреу сүю бар,
Ол - от, ол - күн, ол - көңіл.
Батар, кетер, өзгерер,
Сүюде, жану, сөну бар.
Біреуге біреу тию бар,
Ол - мер, дағды, ол - өмір.
Қоңыр өмір, құм көңіл,
Үйрену бар, көну бар.
Төрт аяқтан екі аяқ
Ажырайды несімен?
Махаббат ісімен
Айуан, адам - екеуі
Бір туысқан ағайын,
Адамда өткір көңіл бар,
Айуанда сезім тым доғал,
Талабы жоқ - «таңдайын
Махаббат жалын, жан оты,
Сөнді, болса жоқ күтім,
Онсыз өмір көк түтін,
Жандыруға жаңа отын!


Пікірлер (1)

Раушан

Күшті☺

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жанды асырау өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Жанды асырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жанды асырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жанды асырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері