Жас ақынға – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Жас ақынға» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.03.2018
  • 0
  • 0
  • 6843
Інім - ау, сенбе өсекке,
Досымын әлі мен жастың.
Боламын ұзақ есепте,
Көбіңмен әлі сырласпын.
Қуаныш маған әрқашан
Сәтімен шыққан өлеңің.
Өзіме сеніп жазбасам,
Жазар деп саған сенемін.
Қанатың жаңа қатайды,
Қияға серме, қарғашым.
Қыран деп сонда атайды
Қырымнан көзін шалғасын.
Отыңды көрсет лаулаған,
Жана бер өшпей, қарғашым,
Жылуыңды алсын жаураған
Оқушың, жаным тоңбасын.
Құзғындар күншіл кездесер
Қымсынба одан, қарғашым.
Қызғаныш, өсек сөз бе екен,
Шырқауға шығып алған соң.
Майыспа салмақ түсті деп,
Тілегім осы, қарғашым.
Қаймықпа, жауды күшті деп,
Сайысқа түсер болған соң.
Сүйемін сені өлгенше,
Ақ сөзім осы, қарғашым.
Сүйемін әлім келгенше,
Өтірік деген оңбасын.
Інім - ау, сенбе өсекке,
Досымын әлі мен жастың.
Боламын ұзақ есепте,
Көбіңмен әлі мұңдаспын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас ақынға өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Жас ақынға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас ақынға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас ақынға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері