Іздеу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Іздеу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5616
Сенімен кездеспегелі,
сезе алмай мен де ештеңені,
жолығып қаламын ба деп,
қараймын жанарымды егеп
сен бе деп адамның бәрін,
жетер ме саған мұңды әнім,
қай жаққа жоғалдың, жаным?
Өзіңді мен көрмегелі,
көңілім-бұлт сергелдеңде еді.
Үзілмей күдерім менің,
іздейді жүрегім де емін.
Көрсем деп тіледім керім,
таппады жаным бір тыным,
мәңгілік сағындыр, күнім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздеу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Іздеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері