Тілеулестерге – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тілеулестерге» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3815
Уайым көп, ойым да алаң, жаным да алаң,
жырым жоқ баяғыдай жалындаған.
От сезім, өрт күтетін тілеулестер,
жазғырып қарамаңдар бәрің маған.
Жүргенде жүйке тозып, шаршаулы үнмен,
сендерді ойыма алып,
аңсап жүрген
берер деп жыры жігер, қажығанда
өрті жоқ, дауылы жоқ сарсаң күннен.
Жанымды қаншама жыл қамшыладым!
Сендердің сенімдерің – жан шырағым.
(Тілеулестерім болса, жетеді сол –
атын да, атағын да – алшы бәрін).
Жанымды аластаумен от қоймаға
жұқардым және да ылғи көпті ойға ала.
Жанартау көресіңдер мені бәрің –
атқылап, жанып-жанып, шөкпей ме о да?!
Біреудің қарны шығар, тойса жаны,
ал мені шындық мүжіп, ой сорады.
Жан көрсем жәбірленген, қалам шөгіп,
өзімді алтынға орап қойса дағы.
Жүрсем де кекірікті тоқ ортада,
жүрегім айниды ылғи содан, тоба!
Жанымда жалыным аз, жарқылым аз,
ұқсайды жырым бүгін қоламтаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілеулестерге өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тілеулестерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілеулестерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілеулестерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері