Өлең, жыр, ақындар

Шыға жаздап шырқырап шыбын-жаның

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4497
Шыға жаздап шырқырап шыбын-жаның,
адалдық деп, шындық деп шырылдадың.
Жалғандықтың жырта алмай жамылғысын
қаншама рет қайнады зығырданың,
қаншама рет жылымға жығылмадың.
Ұғып жатыр кім бірақ мұның мәнін?
Сен жүргенмен шындық деп күнде құлап,
бірде күліп балаша, бірде жылап,
жүгіргенің шырылдап бұл өмірде
жатыр дейсің қажет боп кімге бірақ.
Жан күйіңді естуге Күн де жырақ.
Сен жоярдай бастағы қараң күнін
жабырқау жан ақтарды саған мұңын –
бәрін өзі жасап ап, қайғысына
ортақ етпей жүрмейді адам бүгін.
Ал ұғындың, бөлістің қасіретін,
содан жеңілдете ме заман жүгін?
Қаншама азап шексең де жер үстінде,
сақтайтын күш түбінде – адалдығың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басынан Қаратудың көш келеді

  • 0
  • 0

«Басынан Қаратудың көш келеді».
Көш келсе - өмірімнің өшпегені.
Естісем елестейді көз алдыма
қазақтың Ақтау, Арқа, Өскемені.

Толық

Жалқы мен тобыр

  • 0
  • 0

«Жұрт неге маған жауықты»,
деп өзің босқа кішірме.
Талантты болу қауіпті
талантсыздардың ішінде.

Толық

Қызбел

  • 2
  • 2

Табиғат, құпия әлі сырың жұртқа,
сұлулық сыйла әніме мұңымды ұқ та.
Келемін бас июмен талантыңа
ғашық боп ғұмыр бойы сұлулыққа.

Толық