Ойға шақыру – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ойға шақыру» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 5144
Ұқтым заман парқын мен:
адамы жез таңдайлы,
ісі жоқ та, ал тілмен
мінбе тисе сарнайды.
Балаушы едім сыйлы ерге
ұғар деп ел қайғысын
титтей билік тигенге
кердеңдейді байғұсың.
Ойлыға айыл жинамай
әкімдер-ақ қинайды,
сыйлағанды сыйламай,
қорқытқанды сыйлайды.
Ас берсең де, аш қарға
қан көрмесе, қонбайды.
Қос-қос үкі тақсаң да,
жабы жорға болмайды.
Оясы жоқ бетсізге
ақыл айтқан жақ сорлы.
Көргені жоқ тексізге
мінбе болған тақ сорлы.
Аспан ашық, күн жылы –
тамыр тартпас жер сорлы.
Патшасының мылжыңы
мезі қылған ел сорлы.
Сауысқанды тотыға
ханым еткен жер сорлы.
Елдің намыс отына
өртенгендер – ең сорлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойға шақыру өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ойға шақыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойға шақыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойға шақыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері