Өлең, жыр, ақындар

"Əйелдерді еркектерден көп" - дейді...

Əйелдер көп бұл жақта да, о жақта.
Сонда əйелдер сан бойынша озат па?
Жо, жоқ санға қарамайық,
Сапаға!
Не керек көп...
Қиналған соң тозақта.

Қаракөздер жігітке еріп желіккен,
Неке қимай, қол ұстасар...еріккен.
Айналайын біліп қойса арлы анаң,
Демейді ме: "солай тəлім беріп пе ем?".

"Сақтаныңдар!" - дейміз жиі қан қақсап,
Сендерді көп жұмақта ету бар мақсат.
Əйел үйде болса жақын Аллаға,
Көшеде көп шайтандар жүр қармақ сап.

Тəубе ет!
Алда білмейсің ғой не күткен...
Көп көсілме көкіректі керіп кең.
Еш уайымсыз жүресің ғой оранбай,
Сонда өмірге өлместей боп келіп пе ең?
Ойлан, əйел тозақта көп неліктен?

Əуретіңде болды бүгін бас қайғы,
Асыл жандар арын анық ашпайды.
Жақұт тастар құпиялы секілді,
Хиджаптыға көптер мөрін баспайды.
Оранбасаң бетің көрінбейтіндей,
Өмір бір күн орандырып тастайды.

Ашуменен ақылдың бар соғысы,
Ақылды ұстан - ашудың да жоқ ізі.
Əй, əйелдер сақ болыңдар бір тілге,
Содан болар он күнəнің тоғызы.

Сыңар берген Алла баптап сүюге,
Оған лайық - мейір, құрмет, пейіл де.
Ерің разы Алла разы расында,
Еркек деген Ханың болсын үйіңде.
Іс бұйырса қаның қайнап күйінбе!

Азғырулар имандыға өтпейді,
Күпіршіге Алла нұрын төкпейді.
Мұсылман жан - болу керек текті, игі!
Таңдап-талдап алпыс еркек қоссаң да,
Хиджап киген тақуаға жетпейді.
Тозақ болса барар жерің от тиді,
Жəннəт болса көңіл қошың көктейді.
Алла Елшісі ﴾ﷺ﴿ Миғражға барғанда,
Көрген Жердің бетінде еш жоқ күйді.
Жəнəттə - кедей,
Тозаққа көз салғанда -
"Əйелдерді еркектерден көп" - дейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір сағат...

  • 0
  • 0

Жыл санап, ай санап, күн санап,
Неше рет ауысты құм сағат!?
Біреулер пайдалы...
Біреулер зиянды уақытты жұмсамақ!

Толық

Ахирет пен Фəни

  • 0
  • 0

Мен де кетем, жаралдым пенде етімен,
Сенде кетіп барарда тербетілем.
Ажал келсе хабарсыз жендетімен,
Жоғаламыз алаңсыз жер бетінен.

Толық

1 сыр...

  • 1
  • 1

1000 сырым бар қоярға жай таңдаймын,
100 сырым бар тербетер байқалмай мұң,
10 сырым бар оңаша ойға түсер,
1 сырым бар ешкімге айта алмаймын...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер