Өлең, жыр, ақындар

Мағжан ақынға арнау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Өлеңінде арқау ғып сай қылдырып,
Көрмеген халық жайын жай қалдырып.
Мағжанды жырлап өтем сол себепті,
Өктем жырдың өзегіне айналдырып.

Мағжан кейде бұлт болып түйіле білген,
Озбырлыққа дәл солай күйіне білген.
Мен жастарға сенем деп ұрандатып.
Елім деген ерлерге сүйіне білген.

Мағжан ақын ақ жаңбыр жауатұғын,
Өлеңдері тамшы боп таматұғын.
Ашық болып өткенін қалап өтті,
Қазақ дейтін халықтың сауатының.

Күн болып болашаққа нұрын шашты,
Ізбасарлар ақынның ізін басты.
Дәл қазіргі Мағжанды жырлаған жас
Қопарары анық қой тау мен тасты.

Алаш десе ет жүрегі езілетін,
Жас десе жан жылуы сезілетін.
Мағжанның жырларынан рух алам,
Тұнығынан сусындап, сөз ілетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мағжан ақынға арнау өлеңінің авторы кім?

Силам Бақбол — осы өлеңнің авторы.

Мағжан ақынға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мағжан ақынға арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Силам Бақбол өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мағжан ақынға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.