Кешірім

Бұл бетте «Кешірім» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Кешірім

Өмір атты қысқа ғана ғұмырда,
Бала болдым әкешім мен анама.
Қырсық-қыңыр,​ ерке-шолжаң мінезбен,
Ренжітсем..​ Кешіре гөр, Жан Ана!

Өмір атты өте шығар уақытта,
Бауыр болдым әпке,​ іні,​ ағама.
Ессіз сүйіп,​ өзімсінсем шектен тыс,
Кешіріңдер..​ Кешіре гөр..​ әпке-аға!

Өмір атты буырқанған дауылда,
Бола алмасам жақын туыс, бауырға.
Жат адамдай,​ жабырқатсам себепсіз,
Кешіріңдер,​ құда-жекжат,​ туыстар!

Өмір атты өте шығар сағымда,
Дұшпан болып әзәзіл жын,​ лағинға.
Сақтандырсам,​ шын қызғансам күнәдан,
Туысқандар бұйырмағын айыпқа!

Мен бәріңді жақсы көрем риясыз,
Ал жүрегім​ — махаббаттың ұясы.
Аз ғұмырда қанымыз бір секілді,
Бір сенімде күн кешейік шүбәсіз!

Өмір деген — ақыреттің егіні,
Шешетұғын бар тағдырын сенімі.
Тату-тәтті,​ иманды боп өтейік,
Денемізге кимей тұрып кебінді!

Қысқа өмірде шын сыйласып өтейік,
Татулықтың ақ байрағын көтеріп.
Рақымы түсіп баршамызға Рахманның,
Жәннатта өстіп, той жасауға жетейік!

Гүлмекен Қасенбай
14.07.2023


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешірім өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Кешірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлмекен Қасенбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер