Махамбетке арнау – Тəлет Есхат

Бұл бетте «Махамбетке арнау» атты Тəлет Есхат жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Махамбет қазағым ның батыры еді,
Саңлағы еді, дауылпаз ақыны еді.
Сол қаһарыман батырлар арқасында,
Күннен күнге көркейіп жатыр елі.

Орақ ауыз,от тілді дүлдүліміз,
Исатайдың жолдасы,үздігіміз.
Отқа жанып,елі үшін суға түскен,
Ұмытпаймыз ақынды бұл күні біз.

Ол бастаған шаруалар көтерілісін,
Деп ойлаған,қазағым көтерілсін.
Асыл сөзді теңдессіз батырым-ау,
Əділетсіздің арқанын кесер ісің.

Туылып өмір бағын араладың,
Ақын боп өнер жағын жағаладың,
Еңіреген елім деп есіл ерім,
Қорғадың сен халқыңды бағаладың.

Жарқылда ған майданда қылыштаиын,
Төзімді едің оқ өтпес қурыштаиын.
Тəні таза,жаны пəк болғандықтан,
Махшарда да оиламас еш уайым.

Ақынға арнап əрқашан жыр ұштаимыз.
Ата-баба дəстүрін біз ұстаимыз.
Ұшқыр ойлы,нар тулға Махамбеттеи,
Елардағын ешқашан Ұмытпаймыз.

Қалықтаған аспанда сұңқарымыз,
Жауға шапқан арғымақ,тұлпарымыз.
Ел-жұртына арнаған бар өмірін,
Махамбеттеи батырдың ұрпағымыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махамбетке арнау өлеңінің авторы кім?

Тəлет Есхат — осы өлеңнің авторы.

Махамбетке арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махамбетке арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тəлет Есхат өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махамбетке арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері