Оразаңыз қабыл болсын! – Гулназ Кабулова

Бұл бетте «Оразаңыз қабыл болсын!» атты Гулназ Кабулова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2018
  • 0
  • 2
  • 9802
Елім, жұртым, аға-іні бауырларым,
Келді міне біз күткен ораза күн.
Алла қолдап жеткізген осы күнге,
Тұтайықшы сауабы көп оразаның.
Алланың бізге берген сыйы емес пе?
Бес парыздың ішіндегі бірі емес пе?
Жаратқан нәсіп етсе бәрімізге,
Ауызашарда бас қосайық жамағатым.
Қасиетті рамазан құтты болсын,
Ауызы берік бауырларым мықты болсын.
Таң сәріден күн батқанша жасаған,
Әрбір амал тілектерің қабыл болсын.
Алладан иман тілеп адамзатқа,
Ілінбейік ешқашанда жаман атқа.
Бұл өмір өтер кетер мәңгі емес,
Не жетсін тату-тәтті сыйласқанға
Дұға жасап қояйық келер жылға,
Жеткізсін деп «Ай Сұлтан – Рамазанға,
Алладан тілегенім тек жақсылық,
Жүрегі Алла деген әрбір жанға.


Пікірлер (2)

Kerimbekova Dinara

Керемет оте орынды жазылыпты

Марал

Гулназ Кабулованың «Оразаңыз қабыл болсын!» өлеңі – қасиетті Рамазан айында оқырман жүрегіне жылылық сыйлайтын, шынайы тілектерге толы тамаша туынды. Ақын қарапайым әрі түсінікті тілмен оразаның мәнін, бұл айдың адамдарды біріктіретін күшін шебер жеткізген.

Өлеңдегі "Оразаңыз қабыл болсын, // Имандарың сабыр, толсын" деген жолдар әрбір мұсылманның Рамазан кезінде айтатын ең ізгі тілегіне айналған. Бұл шығарма діни мерекенің қуанышын ғана емес, сонымен бірге адамдардың бір-біріне деген құрметі мен мейірімін де паш етеді.

Қазіргі қазақ поэзиясындағы рухани тақырыпты жандандырып жүрген ақынның бұл өлеңі – ораза айында бір-біріне тілек білдіргісі келетіндер үшін таптырмас сый. Өлеңді оқи отырып, Рамазанның берекесі мен бірлігіне бөленесің.

Баршаңыздың оразаңыз қабыл болсын! Осындай игі шығармалар көбейе берсін.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оразаңыз қабыл болсын! өлеңінің авторы кім?

Гулназ Кабулова — осы өлеңнің авторы.

Оразаңыз қабыл болсын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оразаңыз қабыл болсын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гулназ Кабулова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оразаңыз қабыл болсын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері