Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали Мақатаевқа арнау!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Бір ғажап өзіңе жыр арнадым,
Ізгілікті өзіңнен алып тұрдым,
Саф алтындай жарқырап, жасымадың,
Аққуларды киелі деп таныттырдың.

Сүйінбайдың аруағы қуат берген,
Нəр алған ол желпінген самал желден,
Қарасаз деген жерден айналайын,
Сені өсірген анадан, туған елден.

Үлгі алам, Мұқағали өлеңінен,
Өзің десем төгілді жыр көмейімнен,
Сендей ақын бір туады, жүз жылда,
Жаратылған тек шындықтың бейнесінен!

Өкінішті тірі кезде сый көрмеді,
Жұбанышы оның ылғи тек өлеңі,
Тірі кезде құрмет көрмей тұрса да,
Бұл күндері бəрі оны біледі.

Кеткеніне болса да біраз уақыт,
Жырлары оның бізге үлкен сарқыт,
Мұқағали сияқты өр ұланның,
Болғаны қазақ үшін қандай бақыт!

Соқыр ана Райымбектей поэмасы,
Халқына сыйлаған ол қазынасы,
Жастарды жақсылыққа шақыратын,
Мұқаңның бізге жеткен бұл мұрасы!

Тəңір берген осындай бір пендеге,
Бас иемін талантына мен бүгінде.
Жыр жолдарын арнап талай жазамын,
Ақиық ақынның мен өнеріне!


Пікірлер (4)

Назерке

Өлең өте керемет екен

Ақмарал

өлең керемет екен..

Ақмарал

өте керемет

Тамара

өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағали Мақатаевқа арнау! өлеңінің авторы кім?

NuraiAibergenova — осы өлеңнің авторы.

Мұқағали Мақатаевқа арнау! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Мұқағали Мақатаевқа арнау! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде NuraiAibergenova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағали Мақатаевқа арнау! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.