Бұл бетте «Гүл» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
А. С. Пушкиннен аударма
Ұмытылып сенген гүл
Қалыпты кітап ішінде.
Ғажап! — Қиял қозғап тіл
Дедім қарап түсіне:
— Қайда өстің, қашан? Қай жазда?
Көгердің қанша? Кім үзді?
Жақын ба? Жат па? Араз ба?
Салған мұнда кім сізді?
Еркелі жолығыс! Оңаша,
Әлде арманды айырылыс?
Әлде оңаша — тамаша?
Сахарада саялы һәм тыныш!
Сонда солар тірі ме?
Қазір қайда мекені?
Әлде кеуіп-сөнді ме
Осы гүлдей ет-өңі?
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі