Цыгандар – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Цыгандар» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 0
  • 5056
А. С. Пушкиннен аударма

Орманды өзен бойындағы
Қоңыр кешкі бір іңір.
Жарық лаулап от жанады,
Шатырда шу, өлең-жыр.
Есенсіз бе, бақытты ұрпақ!
Мен танысқам отыңмен.
Егер болса өзге бір уақ
Кетер ме бұл шатырмен.
Ертеңгі таң сәулесімен
Кетер еркін шатырың.
Сіз кетерсіз — бірақ сізбен
Кетпейді бұл ақының.
Тентіреу, түнеу, қаңғу кешін,
Есерлігін ескінің,
Ұмытты, ойлап үйдің тыншын,
Деревняның дәстүрін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері