Самолет – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Самолет» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2701
Аспанды кезе көк бойлай,
Саңқылдады самолет.
Ойынына бір тоймай,
Таңырқады жер мен көк.
Самолетте сансыз ұл,
Ұшырған, ұшқан көкке асқан,
Қорғауға елін дайын тұр,
Өткір болат — алмастан.
Бер команда, командир!
Ұш, самолет, аспандап!
Бұлттан асып самға бір,
Жүйткі, заула, шапшаңдат!
Үш, самолет, аспанда!
Желбіреп алда қызыл ту,
Шарықта, шарла, күнді ора,
Гүрілдей, заула, сал қиқу!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері